+7 (727) 267-28-83

cbh

28 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары Новосибирск қаласында Ресей Ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің (РҒА СБҒТББ) Мемлекеттік көпшілік ғылыми-техникалық кітапханасының базасында онлайн-форматта өткен "Цифрлық мәдениеттегі библиографиялық ақпарат" III Халықаралық библиографиялық конгрессіне қатысты.

ҚР Ұлттық кітапханасы директорының Ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Н.А. Искалиева "Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы – еліміздің жетекші ғылыми- библиографиялық орталығы" тақырыбында баяндама жасап, кітапханашылар үшін біліктілікті арттыру жұмысының мәселелерін ашты.

Ақпараттық ресурстар қызметінің жетекшісі Ф.У. Сыдыкжанова "Қазақстан: өткені мен бүгіні "Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының деректер базасында библиографиялық ақпаратты генерациялау" тақырыбы бойынша сөз сөйледі, онда "Қазақстан: өткені мен бүгіні" электрондық базасының қалыптасуы және библиографиялық көрсеткіштің шығарылуы туралы егжей-тегжейлі хабарлады.

Ұлттық библиография қызметінің топ жетекшісі А.Ш. Сайдембаеваның "Қазақстанның ұлттық библиографиясы: тарих және қазіргі заман" атты баяндамасы ұлттық библиографияның тарихы мен қазіргі жағдайына, сондай-ақ ретроспективті және ұсыныстық библиография бойынша көрсеткіштерді дайындау және басып шығару процесіне арналды, оның ішінде "Қазақстанның атаулы және еске алу күндерінің күнтізбесі" бар.

Конгресті ұйымдастырушылар: Ресей кітапханалар қауымдастығы, Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Мемлекеттік көпшілік ғылыми-техникалық кітапханасы (Новосибирск), Ресей ұлттық кітапханасы (С-Петербург), Ресей мемлекеттік кітапханасы (Мәскеу), Ресейдің Мемлекеттік көпшілік ғылыми-техникалық кітапханасы (Мәскеу).

III халықаралық конгрес қатысушылары Ресей, АҚШ, Қазақстан және басқа да елдердің кітапханаларының басшылары мен мамандары, мәдениет және ғылым саласының қызметкерлері болды.

cbbh