+7 (727) 267-28-83

Безымянный

Ораз Жандосов атындағы оқу залында Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі қызметі аясында Қазақстан халқының бірлігі күніне және  Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылына арналған «Татулық - бірлік бастауы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – бейбітшілік пен келісімнің белгісі. Ұлттық және дінаралық келісімді сақтау мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып табылады.

Қазақстан халқының бірлігі күні - бұл шынайы патриотизм, өз еліне адалдық және аталар жеріне деген риясыз сүйіспеншілік, тұрақтылықты, бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді нығайту, сондай-ақ мәдениеттер арасындағы диалогтың қазақстандық моделінің жетістіктерін көрсету мерекесі. Бұл 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар тұратын елде бейбіт өмір сүру үшін өте қажет достық пен түсіністік мерекесі. Бүгінгі күні Қазақстанда тиімді экономикалық модель бар, елдегі тұрақтылық мақсатты, жүйелі саяси және экономикалық әлеуметтік реформаларға мүмкіндік береді.

1 мамырда Қазақстанның әр қаласында біздің елімізде тұратын барлық ұлттарды біріктіретін мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Әр түрлі халықтардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын бейнелейтін этникалық мәдени орталықтар қатысады. Театрландырылған қойылымдар, мерекелік концерттер, фестивальдар, шерулер мен көрсетілімдер - барлық қазақстандықтардың ең жарқын және сүйікті мерекелерінің біріне айналдырады.

2021 жыл – Халықаралық бейбітшілік пен сенім жылы деп жарияланды. Резолюцияны Бас Ассамблеясы 73-ші сессиясының 106-шы жалпы отырысында БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттер бірауыздан қабылдады. Қабылданған резолюцияда «Бейбітшілік – бұл тек қақтығыстардың болмауы ғана емес, сонымен қатар диалогты ынталандыратын оң, динамикалық және кең ауқымда қатысу үдерісі», - делінген. Оның мақсаты – аймақтағы және бүкіл әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.

«Татулық - бірлік бастауы» атты кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Қазақстан аумағында тұратын барлық этностардың тарихын және қазіргі өмірін, мәдениетін, дәстүрлері мен өнерінің дамуын, сонымен қатар әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті, ядролық қарусыздану мен мәдениетті сақтау саласындағы әдебиеттер ұсынылған.

              

        Кітап көрмесіне шақырамыз!