+7 (727) 267-28-83

караганда

19 сәуірде ҚР Ұлттық кітапханасы директорының ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Н.А.Искалиева, Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің жетекшісі А.К.Бекпулатова, Ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі Г.А.Маханбетова, Қорды қабылдап алу, бақылау және толықтыру қызметінің кітапханашысы Н.Т.Матаевалар «Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ ұйымдастырған «Сандық дәуірдегі кітапхана қорлары: дәстүрлі және электронды ресурстар, толықтыру, пайдалану» тақырыбындағы ZOOM платформасында өткен семинарға қатысты.

Аталған шарада ҚР Ұлттық кітапханасы директорының ақпараттық технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Н.А.Искалиева сөз сөйлеп, Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің жетекшісі А.Бекпулатова сирек қордың ерекшелігі туралы толыққанды ақпарат берді. Сондай-ақ, семинарға қатысқан ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

кара