+7 (727) 267-28-83

Безымянный15 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы «Қазақстан кітаптары» қызметінің жетекшісі М.Б.Жаркналова Екатеринбург қ. (Ресей) өткен «Этносаралық қатынастарды үйлестіру және ұлттық мәдениеттерді дамыту: кітапханалардың оң тәжірибесі» атты онлайн форматтағы Бүкілресейлік ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Свердловск облыстық ұлтаралық кітапханасы Свердловск облысы Мәдениет министрлігінің қолдауымен және Ресей кітапханалар қауымдастығының «Көпмәдениетті халыққа кітапханалық қызмет көрсету» секциясымен бірлесіп, «Этносаралық қатынастарды үйлестіру және ұлттық мәдениеттерді дамыту: кітапханалардың оң тәжірибесі» атты онлайн форматтағы Бүкілресейлік ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды.

Конференцияның мақсаты - халыққа көпмәдениетті қызмет көрсету, мәдени және тілдік әртүрлілікті сақтау және қолдау, толеранттылық идеяларын ілгерілету, төзбеушілік пен экстремизмнің алдын-алу мәселелері бойынша кітапханалардың тиімділігін арттыру.Конференцияға Ресей, Қазақстан, Башқұртстан, Чуваш, Удмурт, Марий Эл және Бурят республикаларының кітапхана басшылары мен жетекші мамандары қатысты.

ҚР Ұлттық кітапханасы атынан «Қазақстан кітаптары» қызметінің жетекшісі М.Б.Жаркналова онлайн-конференция жұмысына «Қазақстан халқының ұлттық әдебиеттерін қолдау және насихаттау» атты баяндамасымен қатысты. Баяндамада ҚР Ұлттық кітапханасы аясындағы Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясы Депозитарийінің жұмысы мен өткізілген іс-шаралары, сондай-ақ ҚР Ұлттық кітапханасында атқарылып жатқан шет елдердің кітап бұрыштары туралы қамтылған. Баяндама Депозитарийдің жұмысы туралы слайдтармен сүйемелденді.

zh   zh1   zh2