+7 (727) 267-28-83

кдостастыгы

11 наурызда ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ. Оспанова "Кітапханалар Достастығы: ұзақ мерзімді әріптестіктің жетістіктері мен перспективалары" атты халықаралық онлайн форумға қатысып, "Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы жаңа шынайылықта" атты баяндама жасады.

Форумның мақсаты - ұлттық кітапханалар Достастығының 2020 жылғы қызметін қорытындылау, үздік тәжірибелерді, жобалар мен идеяларды таныстыру, сондай-ақ 2021 жылғы Халықаралық кітапханалық ынтымақтастықты дамыту бойынша пікірлермен және жоспарлармен алмасу.

Өз сөзінде Б.Қ. Оспанова ҚР Ұлттық кітапханасының қашықтықтан жұмыс істеу формасына көшуі туралы, білім беру, қолданбалы, танымдық және шығармашылық жобалардың қызметтік онлайн-тұғырнамаларда жүзеге асырылуы туралы атап өтті.

Кітапхана қызметін жандандыруда тиімді құралға айналған YouTube арнасына ерекше назар аударылды. Ұйымдастырушылар: Ресей мемлекеттік кітапханасы, Еуразия Кітапханалық Қауымдастығы.

Модераторлар: Ресей мемлекеттік кітапханасының Бас директоры, Еуразия Кітапханалық Қауымдастығының вице-президенті, Ресей кітапханалар қауымдастығының вице-президенті В.В.Дуда, Өзбекстан Ұлттық кітапханасының директоры, Еуразия Кітапханалық Қауымдастығының вице-президенті У. А. Тешабаева.

Қатысушылар: ТМД ұлттық кітапханаларының директорлары, ЕКҚ, РМК жауапты мамандары және Достастықтың мемлекеттік және өзге де кітапханаларының қызметкерлері.

кдостастыгы1   кдостастыгы3   кдостастыгы2