+7 (727) 267-28-83

Малик

4 наурыз, сағат 15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Р.Бердіғалиева атындағы кітапханатану залында қазақ халқының қаһарман ұлы, Кеңес одағының батыры, ғалым, педагог, жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мәлік Ғабдуллинді еске алуға арналған мәдени іс-шара өтті.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің маманы Қарабаев Құрмет Қабделхалықұлы ашып, сөз кезегін Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин мұражайының Бас қор сақтаушысы Серікжан Құдайбергенқызына берді.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Мәлік Ғабдулиннің «Эпистолярлық әлемі» және «Қазақ баласы», «Сын казаха» қолжазбасы негізінде жазылған кітаптарын Серікжан Құдайбергенқызы ҚР Ұлттық кітапханасына сыйға тартты.

Шара барысында «Желтаудың Желмаясы» және «Баубек батыр» қысқа метражды деректі фильмдерінен үзінділер көрсетілді.

Сөз сөйлегендер: М.Шаяхметқызы, М.Мәлікқызы, Л.Жанатайқызы, А.Хамитқызы, Қ.Мұсақызы және т.б

Малик1   Малик2
Малик3   Малик4