+7 (727) 267-28-83

Тайжан

4 наурыз, сағ. 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында кәсіби дипломат, елші, арабист, экономист Болатхан Құлжанұлы Тайжанның 80 жылдығына арналған еске алу кеші өтті.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің кітапханашысы Қарабаев Құрмет Қабделхалықұлы ашып, сөзді қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты, кәсіпкер, модератор Тайжан Мұхтар Болатханұлына берді.

Іс-шарада ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, ғалым Майдан Сүлейменов, тарих ғылымдарының кандидаты Рүстем Құрманғожин, “Жас тұлпар” ұйымын ұйымдастырушылардың бірі Аймұхан Таужанов, ғалым әрі журналист Досан Баймолда және т.б. ғалымдар мен замандастары Б.Тайжан туралы естеліктерін айтып, ой бөлісті. Кешті Б.Тайжанның жары қорытындылады.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Б. Тайжанның өмірі мен еңбек жолына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

2016 жылы ҚР Ұлттық кітапханаcының кітап қорына Болатхан Тайжанның жеке мұрағатынан қазақ, орыс, шет тілдеріндегі 1500 дана кітап сыйға тартылды. Бұл кітаптар Ұлттық кітапхананың архивтік қорында сақтаулы.

Еске алу кешіне мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, БАҚ өкілдері, достары, отбасы және т.б. қатысты.

Тайжан1   Тайжан2   Тайжан3