+7 (727) 267-28-83

Алмахунова1ҚР Ұлттық кітапханасының Ғылыми-әдістемелік мектебінен Алматы көпсалалы колледжі кітапханасының маманы А.Алмахунова тағылымдамадан өтті.

А.Алмахунова Web-RABIS автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық бағдарламасының «Қорды толықтыру», «Каталогизатор», «Оқырмандарды тіркеу», «Іздеу және тапсырыс беру», «Кітап беру» модульдерімен жұмыс істеу бойынша тәжірибеден өтті. Ұлттық кітапхана жұмысының негізгі бағыттары туралы ақпарат алып, библиографиялық жазбаларды қалыптастыру ережелерімен, кітап көрмелерін ұйымдастырумен, библиографиялық көрсеткіштерді құрастырумен, құжаттық мұраны сақтау саласындағы заманауи үрдістермен танысты.

ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары А.Юсупова тыңдаушыға біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы Сертификат табыстады.

Алмахунова А. өз білімімен және жұмыс тәжірибесімен бөліскен Ұлттық кітапхана мамандарының жоғарғы кәсіби деңгейін атап өтті.