+7 (727) 267-28-83

минимтр

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Р. Райымқұлова ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы және ұлы ойшыл, әлемнің екінші ұстазы Әбу Наср әл-Фарабидің 1150 жылдығы мерейтойларын жоғары деңгейде атап өтуге үлес қосқан бірқатар зиялы қауым өкілдеріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаттарын табыстады.

Сүлейменов Олжас Омарханұлы – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейі» РМҚК директоры, ақын, қоғам қайраткері.

Әуезов Мұрат Мұхтарұлы – мәдениеттанушы, қоғам қайраткері.

Есдәулет Ұлықбек Оразбайұлы – Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы.

Қанапиянов Бақытжан Мұсаханұлы – Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын.

Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы – Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының директоры.

Сатаев Ахан Қарғамбайұлы - «Қазақфильм» АҚ киностудиясының президенті, кинорежиссер, сценарист, продюсер.

Сонымен қатар, Алматы қаласындағы мәдени мекемелер мен ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері марапатталды.

министр1   министр4   министр5   министр6
министр7   министр3   министр2