+7 (727) 267-28-83

онер

Өнер бөлімінің оқу залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Өнерім саған, Тәуелсіз Қазақстан!» атты көрме ұйымдастырылды.

Көрме бірнеше бөлімнен тұрады және Қазақстан халқының мәдениет, өнер және спорт саласындағы жарқын жетістіктерін паш етеді.

Көрменің «Тәуелсіз Қазақстан мәдениеті» атты бөлімі Қазақстан халқының тарихын, ұлттық ерекшелігін, оның мәдениетін, салт-дәстүрін ашады. Мұнда «Лидер Нации и культура: сборник материалов и документов», «Обряды и традиции народов Казахстана», «Казахский народный эпос. История и традиции казахского народа», «Новая жизнь древних традиций», С. Кенжеахметұлының «Қазақтын салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары», «Быт и культура казахского народа» кітаптары ұсынылған.

Сондай ақ, ұлттық қолөнер, ұлттық киімдер туралы ақпарат ұсынылған: «Искусство Казахстана», С. Шкляев пен К. Муратаевтың «История искусства Казахстана», «100 шедевров искусства Казахстана. Живопись. Скульптура. Графика» кітаптары, Ш.Ж.Тохтабаевтың «Шедевры Великой степи», «Декоративное искусство Казахстана», «Изобразительное искусство Казахстана. ХХ век», Д. Шоқпарұлы мен Д. Даркенбайұлының үш тілдегі «Қазақтың қолданбалы өнері», «Национальная одежда казахского народа» кітаптары, сонымен қатар этнографиялық топтамалар сериясынан «Традиционная одежда казахов: научный каталог» және т.б.

Келесі «Қазақстан археологиясы» бөлімінде тәуелсіздік жылдарындағы археологиялық ізденістер туралы материалдар: ескерткіштер, олардың қазбалары, өнер заттары бар. Қ.Алтынбековтың «Қазақстанның қайта жаңғырған қазыналары: ғылыми қалпына келтіру тәжірибесі» атты жұмысы, сондай-ақ Қазақстан аумағындағы сәулет және қала құрылысы мұрасына қатысты тарихи деректер жинақталған сәулет өнері жөніндегі әдебиеттер бар. Сәулет және қала құрылысының бай халықтық өнері туралы мәліметтер келтірілген: Ә.Х. Марғұланның, Т.К. Бейсеновтың, М.М. Меңдіғұловтың «Қазақстан архитектурасы» 10-томдық монографиясы, «Алматы. Архитектурные хроники» кітабы және т.б қойылған.

Көрмеде сондай-ақ, тәуелсіздіктің қалыптасу кезеңіндегі музыкалық өнер бойынша әдебиеттер: «Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы музыка өнері», «Қазақ музыкасы» 8-томдығы, «Идея «Мәңгілік ел» в казахской музыке», Ә. Нұғманның «Қазақтын әншілік дәстүрі» кітаптары қойылған. Сондай-ақ, Ш.Қалдаяқов, Н.Тілендиев, Е.Рахмадиев, М.Төлебаев сияқты белгілі композиторлардың, атақты орындаушылар: Р.Бағланова, К.Байсейітова, Е.Серкебаев, Б.Төлегенова және т. б. өмірі мен шығармашылықтарына арналған кітаптар ұсынылды.

Бірқатар кітаптар қазіргі заманғы Қазақстан театр өнерінің қайраткерлері –Ә.Мәмбетов, Ж.Хаджиев, Б.Атабаев, Е.Обаев сияқты режиссерлер және Халық әртістері Х.Бөкеева, А.Әшімов, Ә.Өмірзақова, Т.Жаманқұлов, Ф.Шәріпова және т.б. шығармашылық қызметтері туралы баяндайды.

Сонымен қатар, Қазақстанның спорттағы жетістіктері туралы бөлімде С.Сапиев, Г. Головкин, И. Ильин, О. Рыпакова, А. Винокуров, Б.Артаев және т. б. жоғары жетістіктерге жеткен спортшылар мен олимпиадашылар туралы мәліметтер ұсынылды.

Көрмеге 300-ден астам кітап пен журнал қойылған. Кітап көрмесі жыл бойы жалғасатын болады және жаңа мәліметтермен  толықтырылып отырады.

Көрмені тамашалауға шақырамыз!

Сайтта

Қазір сайтта 302 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.