+7 (727) 267-28-83

метод

ҚР Ұлттық кітапханасының Р.Бердіғалиева атындағы кітапханатану залында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ұлттық кітапхана Тәуелсіздік дәуірінде» атты  көрме ұйымдастырылды.

Көрмеде ұсынылған басылымдар Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі Ұлттық кітапхананың қалыптасуы мен даму жолындағы жетістіктерін бейнелейтін үш онжылдықтың бағыттарын айқындайды.

А.С.Пушкин атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік көпшілік кітапханасына Қазақ ҚСР Министрлер Кабинетінің 09.12.1991 ж. №775 «Қазақ ҚСР Ұлттық кітапханасы туралы» қаулысы негізінде «Ұлттық кітапхана» мәртебесі берілді. Осылайша, кітапхананың халықтың ең құнды мәдени байлығы ретіндегі мемлекеттік және қоғамдық маңызы бекітілді.

«ҚР Ұлттық кітапханасының жарқын жолында» бөлімінде  кітапхананы әр жылдары басқарған басшылардың қызметі көрсетілген. Тәуелсіздік кезеңінде ҚР Ұлттық кітапханасының қалыптасуына Р.А. Бердіғалиева, М. М. Әуезов, О. И. Исахов және Г. К. Балабекова, А. А. Асқаровтар өз үлестерін қосты.

2000 жылға дейінгі кезеңде ҚР Ұлттық кітапханасы егемен Қазақстанның ірі мемориалдық, әдеби, ақпараттық және зияткерлік орталығына айналды. Еліміздің барлық кітапханаларында кітапханада әзірленген автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйе (АБИС)  енгізілді,  оны жетілдірілген және жаңартылған жүйе (РАБИС) алмастырды. Бұл Қазақстанның бұқаралық кітапханаларының заманауи әлемдік ақпараттық кеңістікке енуіне ықпал етті.

«Ұлттық кітапхана жаңа форматта» бөлімінде «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық бағдарламасының бағыттары, кәсіби халықаралық байланыстардың өркендеуі, кітапхана қорын электрондық форматқа көшіру, кітапхананың баспа қызметін дамыту, «Кітапханатану. Библиография. Кітаптану», «Кітапхана құқығы» сияқты кітапханалық және әдістемелік құралдардың топтамасы қойылған.

«Ұлттық кітапхана - қоғамның көпфункционалды әлеуметтік институты» бөлімінде кітапхананың үшінші онжылдықтағы қызметі көрсетілген. Бұл кітапханалардың мемлекет пен қоғамды топтастырып, қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге жауап беретін Қазақстанның кітапхана ісін дамыту бағыттары мен оны жаңғырту басымдықтарын айқындау кезеңі. Адам капиталының сапасын арттыруға ықпал ететін қоғамның көпфункционалды, көпдеңгейлі әлеуметтік-мәдени институты ретінде кітапхананы трансформациялауға бағдар көзделді.