+7 (727) 267-28-83

 

спин

Мерзімді басылымдар оқу залында толықмәтінді мәліметтер қорларына (МҚ) және соңғы үш жылдағы (2018-2021 жж.) республикалық, облыстық газет-журналдардың электрондық ресурстарына ашық қолжетімділік ұйымдастырылды.

 ИНТЕРНЕТ РЕСУРСТАР НАВИГАТОРЫ:

интеEast View (орыс тілінде) −бұл мерзімді басылымдарды Ресейден, ТМД,  Балтық елдерінен, Қытайдан жеткізетін ең ірі агенттіктердің бірі − East View Information Services, Inc халықаралық компаниясының мәліметтер қоры. Мәліметтер қорына Ресей Ғылым академиясы институттарының журналдары, тәуелсіз ғылыми басылымдар, сонымен қатар «қалың» әдеби және көркем журналдар және т.б. кіреді. Мәліметтер қорына енгізілген журналдардың басым көпшілігі Жоғары аттестаттау комиссиясы ұсынған басылымдар тізіміне енгізілген. Мәліметтер қорында гуманитарлық ғылымдар бойынша жетекші ресейлік толықмәтінді мерзімді басылымдар бар. Тақырыбы: тарих, мемлекет және құқық, жаратылыстану, әдебиеттану, медицина және денсаулық сақтау, ғылым мен техника, философия, экономика, этнография. Мәліметтер қоры соңғы 10-12 жылды қамтиды. DB East View ыңғайлы іздеу жүйесі ресурстарда жылдам бейімделіп, ақпаратты жедел табуға көмектеседі.

Қолжетімділік: https://dlib.eastview.com интернет мекен жайы бойынша ашық.

kisspng ebsco discovery service ebsco information services ebsco discovery service 5b226e3a4d0521.7611271915289830983155.jpg 1203293914EBSCO (ағылшынша) - АҚШ-тың білім беру ресурсы бойынша Ақпарат Орталығының мәліметтер қоры. Білім туралы журналдардан сілтемелер мен рефераттар, сондай-ақ толық мәтіндерде ағылшын тіліндегі ғылыми білімнің көптеген салалары бойынша ғылыми мерзімді және публицистикалық басылымдардың 5000-нан астам атауы бар. Экономика, бизнес, менеджмент, әлеуметтану, саясаттану, информатика бойынша және т.б. басылымнан, барлығы 14000-нан астам журналдар, бизнес-талдау құжаттары, нарықтар мен компаниялардың есептерінен және т.б. тұрады.

 

компEBSCO тұғырнамасында EBSCO Discovery Service мәліметтер қорына қолжетімділік ұсынылады. Қолжетімділік: http://search.ebscohost.com. интернет мекен жайы бойынша ашық.

Соңғы үш жылдағы: 2018 ж., 2019 ж., 2020 ж., қазақстандық республикалық және облыстық мерзімді басылымдардың электрондық ресурстарын ұсынамыз.

       

рмэбҚазақстандағы жоғары оқу орындарының ғылыми толықмәтінді электрондық журналдарына қолжетімділік: Республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана  http://rmebrk.kz