+7 (727) 267-28-83

Аскаров11 ақпан күні сағ. 15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында көрнекті жазушы, прозашы, баспагер, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әлібек Асқаровтың 70 жасқа толған мерейтойына орай шығармашылық кездесу және «Әлібек Асқаров» атты библиографиялық көрсеткіштің тұсаукесері өтті.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашып, Әлібек Асылбайұлын 70 жылдық мерейтойымен құттықтап, ҚР Ұлттық кітапханасының 110 жылдығына арналған мерейтойлық медалімен марапаттады.⠀

ҚР Ұлттық кітапханасының Ұлттық библиография қызметінің жетекшісі Әбілова Майра Күнділдақызы Әлібек Асқаровтың өмірі мен шығармашылығына арналған библиографиялық көрсеткішін таныстырып, белгілі жазушылар К.Сегізбаев, Б.Нұржекеұлы, Қ.Құрманғалиев лента қию рәсімін өткізді.

Кездесуді әрі қарай модератор, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Бақыт Беделханұлы жүргізді.

Сонымен қатар, «Атамұра» баспасы қайта басып шығарған Ә.Асқаровтың «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді...» кітабы таныстырылып, С.Медеубекұлы, Т.Мамашев, Р.Құл-Мұхаммед жаңа кітаптың лента қию рәсімін өткізді. Оспанова Б.Қ. баспагер, философия ғылымдарының кандидаты, «Атамұра» корпорациясының президенті Рахымғали Құл-Мұхаммедті Ұлттық кітапхананың кітап қорын толықтыруға және кітаптың оқырмандарға кең таралуына, сондай-ақ кітап мәртебесін көтеруге және кітапты насихаттауға қосқан зор үлесі үшін ҚР Ұлттық кітапханасының 110 жылдығына арналған меретойлық медалімен марапаттады.

Кездесу барысында мерейтой иесіне арнап айтыскер ақын Талант Арғынғали «Арнау» әні мен ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкері Таңжарық Орманбеков терме орындады.

Іс-шарада жазушы, М.Әуезов атындағы сыйлығының лауреаты К.Сегізбаев, ақын, ҚР Жазушылар одағының төрағасының орынбасары Б.Жақып, мемлекет және қоғам қайраткері Т.Мамашев, ақын, филология ғылымдарының кандидаты С.Медеубекұлы, ақын, аудармашы Қ.Құрманғалиев, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Б.Нұржекеұлы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ә.Қайырбеков, жазушы А.Нұрдәулет және т.б. сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.

Іс-шараны жазушы Әлібек Асылбайұлы Асқаров өзі қорытындылады.

Шара қонақтары мен қатысушыларының назарына ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ұйымдастырылған Ә.Асқаровтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Алтайдың сырлы қаламгері» атты кітап көрмесі жан-жақты таныстырылды.

аскаров1   аскаров2   аскаров3   аскаров4
             
аскаров5   аскаров6   аскаров7   аскаров8
аскаров9   аскаров10   аскаров11