+7 (727) 267-28-83

Макатаев

Құрметті оқырмандар, қадірлі қазақстандықтар!

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында қазақтың ұлы ақыны, аудармашы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқағали Мақатаевтің 90 жылдығына арналған «Қазақ поэзиясының Хан Тәңірі» атты көрме ұйымдастырылды.

М.Мақатаев шығармаларының көпшілігі газет-журналдарда жарияланды, он жеті жасар ақынның шығармашылық жолы «Советтік шекара» газетінде 1949 жылы алғаш жарияланған «Қырманға», «Қойшы бала-Әкітай» өлеңдерімен басталады. Өлеңдері 1951 жылы жарық көрген «Жастар жыры» жинағында басылды. Көрмеде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қорынан алынған 1949 жылдан бүгінге дейін шыққан «Советтік шекара» газеті, «Парасат», «Жұлдыз», «Ұлағат», «Үркер», «Аңыз адам», «Мұқағали», «Таңшолпан», «Қасым», «Ақиқат» және т.б. журналдардағы материалдар ұсынылды. Көрме үш тараудан тұрады: «Ең бірінші бақытым – халқым менің», «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін», «Жарық дүние-ай! Жарығың неткен жақсы еді».

Көрмеге шақырамыз!