+7 (727) 267-28-83

тауелсиздик1

10 ақпанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік және Ислам» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті.

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияны модератор – ҚМДБ-ның Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Мансуров Батыржан Берденұлы ашып, құттықтау сөзді ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызына берді. Өз кезегінде кітапхана директоры ҚР Ұлттық кітапханасымен Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының өзара ынтымақтастық байланысына тоқталып, ізгі тілек-ниетін жеткізді.

Онлайн конференцияда ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Тәуелсіздік – Алланың нәсіп еткен нығметі» атты баяндамасын таныстырып, Тәуелсіздік пен Ислам діні туралы кеңінен сөз қозғады.

Сондай-ақ шара барысында ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик М.Ж. Жұрынов, Алматы қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы, мемлекет қайраткері, А.Қ. Бижанов, профессор, жазушы С.А.Елубай, тарихшы-ғалым М.Қ. Қойгелдиев және тағы басқалар «Тәуелсіздік және Ислам» тақырыбына тоқталып, өз ойларымен бөлісті.

Сонымен қатар, конференция қатысушыларының назарына ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ұйымдастырылған «Көне кітаптар» жазба мұрағаттар көрмесі таныстырылды.

тау2   тау3   тау4
тау6   тау9
тау5   тау8