+7 (727) 267-28-83

Иле

Алматы облысы Іле ауданының Білім бөліміне қарасты  мектеп кітапханаларының мамандары ҚР Ұлттық кітапханасының Ғылыми-әдістемелік мектебінен кітапхана ісі бойынша кітапхана мамандарының біліктілігін арттыру курсынан өтті.

Кітапханашылар Web-RABIS автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық бағдарламасының модульдері, оқырмандарға заманауи ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету, кітап қорын толықтырудың жаңа бағыттары мен жолдары, анықтамалық-іздестіру аппаратын ғылыми және техникалық қалыптастыру, библиографиялық жазбаларды дайындау қағидалары,  жазбаша құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру, ұлттық басылымдарды каталогтау ерекшеліктері бойынша және т.б. жан-жақты мағлұмат алды.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ.Оспанова тыңдаушыларға біліктілігін арттыру курсынан өткені үшін Сертификаттар табыстады.

Мектеп кітапханашылары ҚР Ұлттық кітапхана ұжымына және басшылыққа алғыстарын білдіріп, әрі қарай ынтымақтастықта болатындарын жеткізді.

Илеа   Илеау   Илеауда
Илеаудан   Илеауданы