+7 (727) 267-28-83

30лет

Әлем әдебиеті залында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай  «Қазақстан және әлемдік қауымдастық» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

«Қазақстан және әлемдік қауымдастық» атты кітап көрмесі 3 тақырыптық бөлімнен тұрады. Көрме Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы  мен  дамуының 30 жылын бейнелейтін, үш онжылдыққа бөлінген. Бірінші бөлім «Тәуелсіздік – Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің негізі» деп аталады. Онда біздің елде болып жатқан ең маңызды іс-шаралар хронологиялық тәртіппен көрсетілген. Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың ұлтаралық келісімді қалыптастыру, нарықтық экономиканы дамыту, қоғамды демократияландыру, индустриялды-инновацияны дамыту, саяси модернизация туралы идеяларын баяндады.

Бірінші онжылдықта 1991-2000 жылдардағы біздің мемлекеттілігіміздің дамуы туралы материалдар ұсынылған: Семей ядролық полигонының жабылуы; тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіровтің ғарышқа ұшуы; «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» заңның қабылдануы; Қазақстан Республикасы Президентінің сайлануы; ЕҚЫҰ мүшесі болу; Қазақстанның БҰҰ-на кіруі; Қазақстан Республикасы алғашқы конституциясын 1993 жылы, ал жаңа Конституцисын 1995 жылы қабылдауы; ұлттық валюта - теңгені енгізу; Қазақстан халқы Ассамблеясының құру; алғашқы халық санағы; Қазақстан Республикасы астанасының ЮНЕСКО-ның «Бейбітшілік қаласы» сыйлығымен марапатталуы; Рим папасы II Джон Полдың Астанаға келуі.                        

Екінші онжылдыққа тәуелсіз Қазақстанның 2001-2010 жылдардағы іс-шаралары: алғашқы «Тальго» пойыздары; Афинадағы әлем және Олимипиада қолбасшыларының бірінші конгресі; Қазақстан Республикасының алғашқы әнұраны; Астана және Алматы қалаларында өткен VII-ші қысқы Азия  спорт ойындары және т.б. топтастырылған.

Сондай-ақ  2011-2020 жылдардағы ел тәуелсіздігінің үшінші онжылдығы туралы кітаптар ұсынылып отыр. «Қазақстан-2050» Стратегиясы» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты; «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі туралы; Алматы қаласының 2017 жылғы XXVIII-ші қысқы Универсиаданың астанасы болуы; Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болуы; Астана қаласы атауының Нұр-Сұлтан болып өзгертілуі.

Кітап көрмесінің екінші бөлімінде «Мемлекеттік шекара - ел егемендігінің кепілі» тақырыбындағы әдебиеттер ұсынылған. Қазақстанның мемлекеттік шекарасы - бұл Қазақстан Республикасы аумағының (құрлық, сулар, жер қойнауы, әуе кеңістігі) және Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігінің кеңістіктік шекараларын анықтайтын сызық және оның бойымен өтетін тік жазықтық. Барлық уақытта, барлық елдерде шекараны қорғау мәселесіне елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығының маңызды шарты ретінде басымдық берілді.                     

Көрменің үшінші бөлімі «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақ әдебиеті» тақырыбына арналған. Бұл мемлекеттік жобаның тақырыбы, онда алғаш рет  қазақстандық автордың 60 жұмысы таңдалған, олар БҰҰ-ның алты тіліне аударылған. Бұл көрмеде осы тақырыптағы кітаптар ұсынылған, онда сіздер шет тілдеріндегі қазақ әдебиетінің озық үлгілерімен таныса аласыздар.ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ұйымдастырылған кітап көрмесінде әр жылдардағы қазақ, орыс, ағылшын және әлемнің басқа да тілдерінде жарық көрген кітаптар ұсынылған. 

Сіздерді кітап көрмесіне шақырамыз!

Сайтта

Қазір сайтта 226 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.