+7 (727) 267-28-83

мукагали

Мерзімді басылымдар қызметінің оқу залында қазақтың ұлы ақыны, аудармашы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқағали Мақатаевтің 90 жылдығына арналған «Қазақ поэзиясының  Хан Тәңірі» атты көрме ұйымдастырылды. 

Мұқағали Мақатаев – 1931 жылғы 9 ақпанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында Хантәңірі тауының етегінде  дүниеге келген.

Онжетіжасар ақынның шығармашылық жолы «Советтік шекара» газетінде 1949 жылы алғаш жарияланған «Қырманға», «Қойшы бала-Әкітай» өлеңдерімен басталады.М.Мақатаев шығармаларының көпшілігі  газет-журналдарда жарияланды, өлеңдері 1951 жылы жарық көрген «Жастар жыры» жинағында басылды.

М.Мақатаев1962 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінде жарияланған «Аппассионат» поэмасы арқылы танылып, есімі қазақтың үздік ақындарыныңқатарын толықтырды. Оның жарқын шығармашылыққа арналған өмірініңотыз жылдан астамы туған жері Қарасазда өтті. Достары мен замандастары Мұқағалидың оптимизмін, өмірге   құштарлығын,  ізденімпаздығын жоғары бағалады.Мұқағали Мақатаев XX ғасырдың 60-70 жылдарында қазақ поэзиясының біртуар тұлғасына, ал «Саржайлау» өлеңі халық әніне айналды.  Ол  қазақ  әдебиетіне   отты найзағай сияқты қосылып, өнер сүйер қауымды елең еткізді.

Сонымен қатар М.Мақатаевтың  шығармашылық мұрасында аудармалар ерекше орын алады. Ақын өзінің қысқа өмірінде Шекспирдің сонеттерін,Уитменнің «Шөп жапырақтарын» және Дантенің «Құдіретті комедиясы» өлеңдерін ана тілінде сөйлетті. Оның  орыс классиктерінің шығармаларын шебер аударғанының арқасында Александр Блок, Николай Некрасов, Александр Пушкиннің шығармалары қазақ оқырманына жол тартты.Ақиық ақынның дарынына өмірден өткен соң  ғаналайықты баға берілгенімен  Мұқағалидың өлеңдеріақынның көзі тірісінде-ақ халқының сүйіспеншілігінебөленді.

Мақатаев Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен өнеріне зор үлес қосты.  Ақын шығармашылығының басты тақырыбы: туған өлкесі, Отаны, қазақ халқының тарихы, Анаға,  өмірге сүйіспеншілік, қоршаған әлемге құштарлық, мейірімділік, әйелге махаббат туралы. Ақын қысқа өмірінде, соңына жарқын поэтикалық із қалдырды. Ол 1976 жылы қайтыс болды. 1981 жылы Мұқағали есімі көше атауына беріліп, ол тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды. 1985 жылы Қазақстан Жазушылары Одағының бастамасымен үздік әдеби шығарма авторларына М. Мақатаев атындағы сыйлық тағайындалды.

Ал, 2002 жылы Алматы қаласындағы Мақатаев және Желтоқсан көшелерінің қиылысындағы гүлзарға ақынның қола ескерткіші орнатылды. Республика бойынша мектептерге, скверлерге, саябақтарға Мақатаев есімі берілген.2000 жылы Мұқағалидың «Аманат» атты кітабы Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

Көрмеде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қорынан алынған 1948 жылдан бүгінге шейін шыққан «Советтік шекара» газеті, «Парасат», «Жұлдыз», «Ұлағат», «Үркер», «Аңыз адам», «Мұқағали», «Таңшолпан», «Қасым», «Ақиқат» т.б. журналдардағы материалдар ұсынылды.

Көрмеге келуге шақырамыз!