+7 (727) 267-28-83

ZHambyl ZHabaevtyn olenderi 620x453

Мерзімді басылымдар оқу залында газет-журналдардан ұйымдастырылған қазақ ақыны, халық суырып салма өнерінің классигі Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған "Жамбыл – Ұлы Дала ақыны" атты көрме ұйымдастырылды

Ж.Жабаев қазақ халқының ақындық өнерінің дамуына үлкен үлес қосты. Ақын өзінің ұзақ және жемісті өмірінде адамның жақсы қасиеттері - отансүйгіштікті, тектілікті, адалдық пен әділдікті жырлауға арнады. Оның 1936-1945 жылдар аралығында шыққан өлеңдері 13 мың шумақтан асты. Ол ел өміріндегі жетістіктер мен өзгерістерді, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халықтың жеңісі мен батырлығын ерекше шабытпен жырлады.

Ж.Жабаевтың соғыс жылдарындағы поэзиясында Отанды қорғау және халықтар достығы тақырыбы басты орын алды. Ақын төрт жыл бойы  жауынгерлер, гвардияшылар, Мәскеу және Ленинград қалалары туралы тынымсыз шығармалар  шығарды.

Оның 1941 жылғы қыркүйекте  жазылып, ақын М.Тарковский қазақшадан  орыс тіліне аударған "Ленинградтық өренім!" өлеңі  бүкіл әлемге танылды. Өлең "Ленинградская правда" газетінде жарияланып (1941)  сол кездегі плакаттарға көбейтіліп таратылды. "Ленинградтық өренім" - ақынның ең үздік шығармаларының бірі. 2021 жылы бұл өлеңге 80 жыл толады. Өз үндеуінде автор жау қамалында қалған қала тұрғындарын табандылыққа, сабыр сақтауға шақырады.

Жамбыл – дана жыршы және айтыскер, суырып салма, эпикалық ақын.

Жамбылдың ұлылығы оның поэзиялық шеберлігінде ғана емес, сонымен бірге ол халық поэзиясын жаңа бағытта қалыптастырушы, халық ақындарының шығармашылық рухын  шабыттандырушы.

"Жамбыл – Ұлы Дала ақыны" көрмесіне ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Ж. Жабаевтың өмірі мен шығармалары, сондай-ақ Қазақстан ақын-жазушыларының ақын туралы мақалалары мен естеліктері, отбасы және ізбасарлары туралы, Қазақстанның мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған газеттер мен журналдар  ұсынылған.

Көрмеге  шақырамыз!

 

Сайтта

Қазір сайтта 149 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.