+7 (727) 267-28-83

авганистан

26 қаңтарда ҚР Ұлттық кітапханасына Алматы қаласындағы Ауғанстан Ислам Республикасының Бас консулы Паяб Мухаммад Вайс мырза, мәдениет бөлімінің үшінші хатшысы Барин Наджибуллах және аудармашы Сафи Самиулхак келді.

Сапар барысында Ауғанстан консулдығының өкілдері кітапхана директоры Б.К. Оспановамен кездесті, онда екіжақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың болашақ мәселелері талқыланды. Бас консулдықтан кітапханаға кітаптар сыйға тартылды.

Кітапхана директоры кітапхананың қызметі туралы қысқаша ақпарат беріп, оқу залдары мен кітап бұрыштарының жұмысымен таныстырды.

авганистан1   авганистан2   авганистан3