+7 (727) 267-28-83

30тәуелсіздік

Мерзімді басылымдар қызметінде «Тәуелсіздік ақпарат айдынында» атты көрме ұйымдастырылды.

«Тәуелсіздік ақпарат айдынында» мерзімді басылымдар көрмесі Тәуелсіздік жылдардағы онжылдықтың үш кезеңін ашады.

«Тәуелсіздік тағылымы» бөлімінде жаңа Қазақстан іргетасының қалыптасуы (Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны, Туы, Елтаңбасы), Қазақстан Республикасының Конституциясы – негізгі Заңын қабылдау туралы, басқару жүйесінің қалыптасуы, Ұлттық валютаны енгізу, Қарулы Күштерді құру және т.б. материалдар бейнеленеді; «Бір ел – бір тағдыр» бөлімінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қалыптасуы туралы материалдар орналасқан; «Астана-Бәйтерек» Сарыарқаның орталығына көшірілген Астананың даму тарихын айшықтайды; «Қазақстан – 2050» Стратегиясы Республика стратегиясының дамуы мен іске асырылу кезеңдері көрсетілген. Дамыған 50 елдің қатарына кіру мақсаты қойылып, барлық бағыттар бойынша ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылды. Саяси және экономикалық реформалармен қатар рухани жаңғыруға ерекше мән беріліп, «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша журналдардың материалдары қызықты болды; «Ұлы даланың жеті қыры», жаһанданудың барлық заманауи тәуекелдері мен сын-қатерлерін ескере отырып, қазақстандықтардың рухани құндылықтарын жаңғыртуға бағытталған және әлемдегі Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ұлттық бірегейлікті сақтау, білім мәдениетін насихаттау және адами капиталды жақсартуға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының материалдары туралы; «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бөлімінде Қазақстандық қоғамды дамудың үш онжылдықтағы басты мақсаттары туралы баяндайтын мерзімді басылымдар ұсынылған.

«Мықты мемлекет – бәсекеге қабілетті ұлт» бөлімі заманауи Қазақстан және халықаралық аренада ғылым мен техника, мәдениет пен спорт және т. б. салаларда республика даңқын  асқақтатқан тұлғаларды ұсынады.  Көрмеге ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан  1991 жылдан бастап мерзімді басылымдар қойылды.

Сіздерді көрмеге шақырамыз!