+7 (727) 267-28-83

юрий

21 қаңтарда жазушы, мәдениеттанушы, Қазақстан Пен-клубының мүшесі, 2010 және 2014 жылдардағы «Кіші проза» номинациясы бойынша «Орыс сыйлығының» лауреаты, АҚШ – тағы IWP 2017 Халықаралық жазу резиденциясының қатысушысы Юрий Серебрянский ҚР Ұлттық кітапханасының қорына өзінің жаңа: «Книга о вкусной и здоровой казахстанской литературе - Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет жайлы кітап» және «Девять историй. Сборник рассказов современных американских авторов» атты кітаптарын сыйға тартты.

 

Қазақстанда 2021 жыл Тәуелсіздік жылы деп жарияланды. Жыл сайын «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында еліміздің барлық кітапханаларында таңдалған авторлар мен олардың шығармашылығына арналған көптеген іс-шаралар мен кітап көрмелері ұйымдастырылып, сондай-ақ оқырмандар назарына Қазақстанның көрнекті жазушыларының шығармалары ұсынылады. Осы жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Акция аясында «30 кітап – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» атты жалпыхалықтық оқуға арналған белгілі қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы 30 үздік туындысы таңдалды. Жазушы Ю. Серебрянскийдің «Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет жайлы кітап» атты кітабы да таңдаулы 30 туындының қатарына енді. Бұл кітаптар тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің дамуына арналған. Аталмыш кітап қазақ және орыс тілдерінде көпшілік оқырман қауымға ұсынылған.

Сізге жағымды оқуды тілейміз!