+7 (727) 267-28-83

ebsco

20 қаңтардан 27 қаңтарға дейін EBSCO компаниясы Ресей мен ТМД елдерінің пайдаланушылары үшін вебинарлар сериясын бастады.

20 қаңтарда сағат 13.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Анықтамалық-ақпараттық қызметінің мамандары EBSCO-ның жылдық статистикасын дайындау бойынша кітапханашыларға арналған вебинарға қатысты. Вебинар барысында жаттықтырушы Ирина Сержан статистика түрлері және EBSCO дерекқорын пайдалану арқылы мәліметтер алу жайында айтты.

Сағат 17.00-де «EBSCO электрондық ресурстары әлемдік деңгейдегі мақалаларды дайындауға арналған құрал ретінде» вебинары өтті. Оған анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету, ақпараттық ресурстар және ғылыми-әдістемелік қызметтерінің мамандары қатысты.

EBSCO ғылыми-зерттеу дерекқорының үлкен топтамасы әртүрлі біліктілік деңгейдегі пайдаланушыларға әр  саладағы толық мәтінді ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. EBSCO дерекқорлары университеттерде, медициналық мекемелерде, корпорацияларда және мемлекеттік органдарда, көпшілік және мектеп кітапханаларында пайдаланушылардың зерттеу қажеттіліктерін қанағаттандырады.

EBSCO дерекқоры ғылыми кітапханалар үшін зерттеушілер мен студенттерге мыңдаған рецензияланған толықмәтінді ғылыми журналдарды ұсынады, сонымен қатар жетекші пәндік көрсеткіштерге қол жеткізеді. Академиялық ресурстар ғылым мен техниканың, технологияның, математиканың, өнер мен гуманитарлық ғылымдардың, әлеуметтік ғылымдардың, құқық пен бизнестің маңызды бағыттарын қамтиды.

Келесі вебинарлар электрондық ресурстарды ілгерілетуге, электрондық кітаптарға: іріктеу мен сатып алуға, EBSCOhost платформасында және Интернет желісінде ақпарат іздеуге арналады.

ebsco1   ebsco3
ebsco2   ebsco4

 

Сайтта

Қазір сайтта 172 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.