+7 (727) 267-28-83

Посол

20 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына Алматы қаласындағы Үндістан Елшілігі өкілдік кеңесінің консулы Амит Кумар Мирша, консулдың көмекшісі Ринку Джи Пандит жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында қонақтар Үндістанның Қазақстандағы Елшілігі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы арасындағы Келісімге сәйкес 2005 жылы ашылған Үндістанның кітап бұрышымен танысты. Кітап бұрышы қоры тарих, саясат, экономика, лингвистика, медицина, өнер, философия және т. б. туралы әдебиеттер мен альбомдар және сөздіктермен қамтылған.

Қазіргі уақытта кітапханада Үндістан және оның ұлттық ерекшелігі туралы ақпарат алуға жақсы жағдай жасалған. Үндістанның кітап бұрышындағы барлық кітаптар оқырмандарға еркін қол жетімді. Үндістанның кітап бұрышын жаңғырту және дамыту үшін Қазақстан Республикасындағы Үндістан елшілігінің қолдауымен 2020 жылы жиһаз бен техникалық жабдықтар жаңартылды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызымен кездесуде бұрыштың қызметін одан әрі дамыту және ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сонымен қатар қонақтар үшін кітапхана залдары бойынша экскурсия өткізілді.

 

ПосолИндии   Индия