+7 (727) 267-28-83

театрауезов

13 қаңтар күні ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Оспанова М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының құрылғанына 95 жыл толуына және "Ұлттық" мәртебесі берілуіне арналған мерекелік іс-шара мен баспасөз конференциясына қатысты.

Баспасөз конференциясына Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова, «Ұлттық» мәртебесін иеленген М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының көркемдік жетекшісі, ҚСРО Халық артисі – А.Әшімов, М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Е.Жуасбек, Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – А.Қалиева, М.Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрының директоры – Ю.Якушев, Құрманғазы атындағы Ұлттық халық аспаптар оркестрінің директоры – М.Қуанышев қатысты.

Сондай-ақ, мерекелік шара аясында Ұлттық кітапхана директоры Б.Оспанова Ұлттық театр ұжымына кітапхана қорында сақталған XVIII ғасырдағы Құран бейнеленген картинаны сыйға тартты. Бұл картинаның оң жағында Фатиха сүресінің жеті аяты, сол жағында Бақара сүресінің бірнеше аяты алтын әріппен жазылған

М.Әуезов атындағы Ұлттық драма театры ұжымын 95 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!

театрауезов1   ауезов   ауезовт
театр1   театр2   театр3