+7 (727) 267-28-83

китапкитапхана

«Кітап & Кітапхана. Книга & Библиотека. Book & Library» кәсіби-сараптамалық журналының кезекті саны оқырманға жол тартты.

Журнал ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауынан берілген үзіндіден бастау алып, Мемлекеттік комиссияның Қазақстан Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен қабылданған карантиндік шараларды кезең-кезеңімен бәсеңдету туралы шешімімен жалғасады.

Алматы қаласындағы Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана директоры А.Қ.Байұзақов «Кітапхана – ұлттың рухани азығы» атты мақаласында осы мекеменің өткені мен бүгінгі тыныс-тіршілігіне терең тоқталса, Көкшетау қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы университеттің «Орыс филологиясы және кітапхана ісі» кафедрасының аға оқытушысы М.Ш.Нурпеисова орыс және ағылшын тілдеріндегі «Как работает современная библиотека» мақаласы арқылы заманауи кітапхананың оқырмандарды тарту тәжірибесін қозғайды.

Сондай-ақ, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Э.Е.Абдинованың «Ақпараттық интеллект орталығына айналдырамыз: Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының онлайн форматындағы іс-шаралары» тақырыбындағы мақаласы, С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Б.М.Әбілмәжінованың «Мы можем работать и в чрезвычайных условиях. Работа Северо-Казахстанской ОУНБ им. С.Муканова в период пандемии COVID-19» мақаласы, Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Қ.Ж.Досмағанбетованың «Кітапханалар карантин кезінде: жаңаша жұмыс – жаңа мүмкіндіктер» мақаласы, А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы анықтама-библиографиялық қызмет көрсету орталығының кітапханашысы Г.Т.Абылгазинованың «Кітапханашының жаңа келбеті немесе карантин кезіндегі күнделіктен» (эссе) мақаласы кітапханалардың пандемия кезеңіндегі жаңаша жұмысы жайында жан-жақты баяндайды.

Назарларыңызға ұсынылып отырған «Есту қабілеті нашар балаларға (естімейтін балаларға) арналған №1 арнайы (түзету) мектеп-интернаты» КММ кітапханасының меңгерушісі Г.Ф.Амренова «Профессия библиотекарь – выбор всей жизни» мақаласында Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасының білікті маманы - Қалижанова Әлия Жүнісбекқызын құрметпен еске алады.

Ал, Ақмола облысы Аршалы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханаларды ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету және дамыту бөлімінің әдіскері Л.Д.Бегунова «Работа приносит ей радость» атты мақаласы аталған мекеме басшысы Каприч Валентина Николаевнаның кәсіби шеберлігі мен адамгершілік қасиеттерін сөз етеді.

Журналда сондай-ақ, ҚР Ұлттық кітапханасы сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қызметінің топ жетекшісі Ф.Қ.Бектурбекова «Сирек және құнды мұралар жауһары» мақаласы арқылы кітапхананың құнды қорына тоқталып, аталған бөлім қызметкерлерінің атқарып отырған жұмыстарын баяндайды.

А.С.Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі Ж.С.Шардарбекова өзінің «120 сыр. 120 жыл. 120 сәт» мақаласында тамыры тереңде жатқан кітапхана тарихынан сыр шертеді. Келесі мақала авторы – Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері А.А.Аймағанбетова «Кітапханашының сөз сөйлеу мәдениетін жетілдіру» мақаласында сөз сөйлеу мәдениеті – адамның тұлғалық қасиеттерінің көрінісі екеніне тоқталады.

Журналды Шахтинск қаласындағы Бұқар жырау атындағы Орталық мемлекеттік кітапханасының кітапханаларды және кітапхана жұмыстарын дамыту бөлімінің жетекшісі Н.Ю.Разволяеваның «Шахтинск ОКЖ» КММ директоры, көреген басшы, білікті тәлімгер – Ирина Алексеевна туралы «Профессионализм – состояние ума и любви к своей работе» мақаласы аяқтайды.

Құрметті әріптестер! Кітапхана ісі саласындағы түйткілді мәселелерді бүкпесіз, барынша шынайы талқылау үшін бірлесіп жұмыс жасайық. Еліміздің өңірлерінде кітапқа қатысты дайын жобаларды, кез-келген кітап жанашырларының талап-тілектерін қабылдауға дайынбыз.

Сайтта

Қазір сайтта 254 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.