+7 (727) 267-28-83

кытай

28 желтоқсан күні ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б. Оспанова мен Халықаралық Қазақ-Қытай Тіл колледжінің директоры Т. Мамырұлы студенттердің кәсіптік тәжірибеден өтуі туралы келісім-шартқа қол қойды.

Келісім-шарт аясында колледж директоры Т. Мамырұлы ҚР Ұлттық кітапханасының қорына С. Жанболатовтың «Қазақ тарихынан сауат» кітабын және «Ұлы Жібек жолы және Қазақстан тарихы: кешегісі, бүгіні, ертеңі» атты халықаралық конференция мен әдістемелік семинар материалдарын сыйға тартты. Өз кезегінде ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б. Оспанова Халықаралық Қазақ-Қытай Тіл колледжінің кітапханасына Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» жобасы аясында жарық көрген кітаптар топтамасын сыйға тартты.

Сонымен қатар, қонақтар үшін кітапхана залдары бойынша экскурсия өткізілді.

кытай1   кытай2   кытай3