+7 (727) 267-28-83

агрессивти

23 желтоқсан күні ҚР Ұлттық кітапханасының Ғылыми-әдістемелік қызметі жанындағы Р.А. Бердіғалиева атындағы кітапханатану залының кітапханашысы Мыспаева Раушан Құмарбекқызы «Қазақстан кітаптары» қызметінің мамандарына «Агрессивті оқырман» тақырыбында шолу өткізді.

Кіріспесі танысудан басталған шолу қызметкерлердің үлкен қызығушылығын туғызды. Ой сергітуден кейін, шолудың тақырыбына көшкен қатысушылар «Современная библиотека» журналының 2020 ж. № 8(108) санына жарияланған агрессивті оқырман және оның түрлері жайлы танысып, олармен қалай қарым-қатынас жасау керектігі жөнінде толыққанды ақпарат алды. Ұсынылған тақырыппен қоса, Раушан Құмарбекқызы кітапханашыларды «Вестник БАЕ», «Библио поле», «Библиотека» кәсіби журналдарының жаңа сандарындағы қызықты мақалалармен таныстырды.

Сондай-ақ, жас кітапханашыларды да тыс қалдырмай, «Молодые в библиотечном деле» журналының 2020 ж. № 5, 6-шы сандарында «Іскерлік жанжал, бұл жанжалдың негізгі түрі» мақаласына тоқталып, ондағы жазылған теориялық білімді өздеріне жеке оқуға және оны тәжірибеде қолдануға кеңес берді.

Раушан Құмарбекқызы шолуды психологиялық тренингпен аяқтады. «Қазақстан кітаптары» қызметінің жетекшісі Жарқналова Мадина Баянқызы кітапханашылардың атынан шолудың ерекше форматта өткенін, барша қатысушылардың көптеген маңызды ақпарат алғандарын айтып, Раушан Құмарбекқызына алғысын білдірді.

агрессивтиокырман   агрессия