+7 (727) 267-28-83

сабитов

24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының мамандары Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ұйымдастырған «Н. Сәбитовтың ғылыми мұрасы мен қоғамдық-ағартушылық қызметі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Әлем әдебиеті қызметінің жетекшісі Ф.Қ. Бектурбекова «Ғалым, шығыстанушы, библиограф, этнограф, филология ғылымдарының кандидаты Нығмет Сәбитовтың 125 жылдық мерейтойына» орай дайындалған виртуалды кітап көрмесін ұсынды. Ұлттық библиография қызметінің жетекшісі М.К. Абилова «Нығмет Сәбитов (1895-1955)» атты библиографиялық көрсеткішінің тұсаукесер рәсімін өткізді.

ныгметсабитов