+7 (727) 267-28-83

окж

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ. Оспанова Алматы қаласының Алатау ауданында ашылған «Alatau Creative Hub» инновациялық мәдени орталығына арнайы барып, Ұлттық кітапхана қорынан 1000 дана кітапты сыйға тартты.

Сапар барысында Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалық жүйесінің (ОКЖ) директоры Қабиева Роза Қасымбекқызын «Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасына 110 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен және ОКЖ филиалдарының басшыларын Қазақстандық Кітапханалық Одақтың «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапаттады.

окж1   окж2   окж3