+7 (727) 267-28-83

мойынкум

7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында «Алматы ақшамының» фототілшісі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Самат Құсайынұлының Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданының табиғаты мен тарихи жерлері топтастырылған «Мерейлі өлке – Мойынқұм» атты фотоальбомының тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараның модераторы ҚР Ұлттық кітапханасының көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің қызметкері Қабделхалықұлы Құрмет.

Тұсаукесер рәсімінде Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Әлиев Данияр Абзаладинұлы, Жамбыл облысы, Мойынқұм аудандық маслихатының хатшысы Исабеков Шахикерім Әміреқұлұлы, Жамбыл облысы, Мойынқұм аудандық «Мойынқұм таңы» гезетінің бас редакторы Әбілов Сүндетулла Абылашұлы, Алматы Ақшамы газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай, Көрмелер және Мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі Жанар Алпысбайқызы және тағы басқалар Самат Құсайынұлын «Мерейлі өлке – Мойынқұм» атты фотоальбомымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Шараға кітапханашылар, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.

мойынкум1   мойынкум2   мойычнкум3
мойын   мойын2   мойын
моо   мооо