+7 (727) 267-28-83

тусаукесер

4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында ASSYLTAS қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Тарихқа толы Тарбағатай альманахының» 5-ші томының тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараның модераторы «Дарын» жастар сыйлығының иегері, ақын Мерей Қарт.

Тұсаукесер рәсімінде Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, кәсіпкер Тұрсын Тастекеев, ҚР Мәдениет қайраткері Болат Әшірбаев, «TAS GROUP» компаниялар тобының негізін қалаушы және басқарушысы Дулат Тастекеев, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, ақын Ақберен Елгезек, «Серпер» сыйлығының иегері, ақын Ержан Жұмабек және тағы басқалар «Тарихқа толы Тарбағатай альманахының» 5-ші томына тоқталып, Тарбағатай туралы жылы лебіздерін білдірді.

Шара аясында «Тұғыры биік Тарбағатай» және «Тау ұлы» фильмдері көрсетілді.

Шараға кітап авторлары, журналистер мен ақын-жазушылар қатысты.

тусаукесер1   тусаукесер2   тусаукесер3
тусаукесер4   тусаукесер5