+7 (727) 267-28-83

мб

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Қазақстандық Кітапханалық Одақ жанындағы Виртуалды кітапханалық мектеп қызметінің аясында 2020 жылғы 26 қазан - 3 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының мамандарына кәсіби біліктілікті арттыру курсын жүргізді.

3 желтоқсанда «Қазақстан кітаптары» қызметінің жетекшісі М.Б.Жаркналова мен топ жетекшісі Б.М.Утебаева «Қазақстан кітаптары» қызметінің жұмыс тәжірибесімен  онлайн-таныстыру өткізді, онда қызметте өткізілетін жұмыстың басты бағыттары, орталықтардың жұмысы, жазушылардың мемориалдық кабинеттері мен Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі туралы қысқаша сипаттама берілді. Танысу бейнекөрсетіліммен, фотосуреттер слайдшоуымен сүйемелденді.    

ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапхана ісі жөніндегі орынбасары А.Х.Юсупова Қазақстан Кітапханалық Одақ жанындағы Виртуалды кітапхана мектебі аясында өткен біліктілікті арттыру курстарын қорытындылап, Нұр-Сұлтан қ. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мамандарының сұрақтарына жауап берді.

мб2