+7 (727) 267-28-83

архив

16-27 қараша аралығында «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облысының мемлекеттік архиві» КММ мамандары Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебінде тағылымдамадан өтті.

Қ.Д. Бигашева, А.Н.Ыдрыс және М.М.Оспановалар құжаттық мұраны сақтау саласындағы заманауи үрдістермен танысты. Қағаз құжаттарды және режимді сақтаудың маңыздылығы атап өтілді: температуралық – ылғалдылық, жарық және санитарлық – гигиеналық бақылау. Сондай-ақ, құжаттық мұраны сақтау бойынша технологияларды  игерді. Атап айтқанда: превентивті және фазалық консервациялау, құжаттардың зақымдану себептері мен түрлері, биологиялық зақымданған құжаттарды өңдеу әдістері, физикалық - химиялық тұрақтандыру, қағаз негізіндегі кітаптарды қалпына келтіру, түптеуді дайындау, Photoshop бағдарламасындағы мұқабаларды әрлендіру негіздері, сирек кітаптар мен қолжазбаларды қалпына келтіру және т.б.

Тағылымдамадан  өтушілерге құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру бойынша курстан өткені туралы сертификаттар табысталды.

архив2