+7 (727) 267-28-83

китап

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы «Қалпына келтірудің негізгі бағыттары» және «Кітапхана құжаттарын консервациялау» атты қазақ тіліндегі әдістемелік ұсынымдарды шығарды.

Кітапхана құжаттарын консервациялау:  әдістемелік-тәжірибелік құрал / ҚР Ұлттық кітапханасы; жоба менеджері Б.Қ. Оспанова; құраст. Б.Е. Батырханова; ред. Н. А. Искалиева. – Алматы, 2020. - 69 бет.

Қалпына келтірудің негізгі бағыттары:  әдістемелік-тәжірибелік құрал / ҚР Ұлттық кітапханасы; жоба менеджері Б.Қ.Оспанова; құраст. Б.Е. Батырханова; ред. Н. А. Искалиева. – Алматы, 2020. - 57 бет.

Әдістемелік құралдарда ұсынылған материалдарды ҚР Ұлттық кітапханасының қалпына келтіру, консервациялау және түптеу қызметінің  топ  жетекшісі Б.Е. Батырханова дайындады. Материалдар құжаттарды консервациялау және  қалпына келтіру  бойынша түрлі тренингтер мен семинарларда, сондай – ақ өз тәжірибесінен алынды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы 2008 жылдан бастап құжаттардың ұзақ сақталуы саласында Орталық Азия бойынша ИФЛА/ПАК аймақтық орталығы болып табылады. 2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы негізінде Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебі өз жұмысын бастады, онда Қазақстанның  кітапханалары, мұражайлары мен архивтерінен  мамандар даярланады. Қағаз құжаттық мұраны қалпына келтіру туралы білімді беру үшін қалпына келтірушілер оқу құралдарын қажет етеді.

Әдістемелік құралдар құжаттарды сақтау және қалпына келтіру саласында жұмыс істейтін мамандарға арналған.

китапалгы   китапалгысоз

 

Сайтта

Қазір сайтта 180 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.