+7 (727) 267-28-83

дидахмет

21 қазан – 16 қараша аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында көрнекті қаламгер, жазушы, журналист Дидахмет Әшімханұлының туғанына 70 жыл толуына орай жазушы шығармалары бойынша Қазақстан суретшілері туындыларының көрмесі ұйымдастырылды.

Аталған көрме бойынша 16 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасында қорытынды іс-шара өтті.

Көрмеге қойылған 17 туындыны қарап шығып, бағасын берген қазылар алқасының шешімі бойынша Арафат Сәлімгерей, Асылжан Бұқарбай, Рада Бейсенова, Талшын Қайырғалиева ынталандыру сыйлықтарымен марапатталса, суретші Станислав Анастасьев 3-орынға, Әлия Хасенова 2-орынға, Санжар Сырғабаев 1-орынға ие болды. Қазылар алқасының шешімі бойынша Бас жүлде суретші Мәди Қайырханға бұйырды. Жүлделі орындарға ие болған барлық суретшілер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Көрме соңында іс-шараға келген жазушы Д.Әшімханұлының әріптестері, замандастары өз естеліктерін айтып, жас суретшілерге жылы лебіздерін білдірді.

Іс-шараға қазылар алқасы мен зиялы қауым өкілдері, суретшілер қатысты.

дашимхан   дддд

 

Сайтта

Қазір сайтта 305 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.