+7 (727) 267-28-83

перзидентОраз Жандосов атындағы оқу залында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған "Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

ҚР Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсанда атап өтілетін Қазақстандағы мемлекеттік мереке.

Мереке күнін таңдаудың тарихи негізі 1991 жылғы 1 желтоқсандағы оқиға болды. Дәл осы күні, яғни, 1991 жылы бірінші ұлттық сайлау нәтижесінде Н.Назарбаев Қазақ КСР Президенті қызметіне сайланды.

1991 жылы 10 желтоқсанда Президенттің алғашқы қадамдарының бірі - Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы заңға қол қою болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады, бұл Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде жариялануын білдірді. 2011 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы заңына өзгерістер енгізу» туралы заң қабылдады. Құжатқа сәйкес 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні болып жарияланды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Қазақстанның Тұңғыш Президентінің ерекше қызметтерін атап өту және тану үшін құрылды. Сондай-ақ, мереке Тәуелсіз мемлекет құрған және 30 жыл бойы елдің көшбасшысы болған Н.Назарбаевтың жетістіктерін тану мақсатында ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында жыл сайын ауқымды мәдени іс-шаралар өткізіледі, оның басты мақсаты елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайту.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне ұйымдастырылған  Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан «Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент» атты кітап көрмесі  Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны мен қызмет хроникасын: металлург, қоғам және партия жетекшісінен саяси көшбасшыға дейінгі жолын, сондай-ақ егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін, ішкі және халықаралық аренадағы экономикалық және саяси жетістіктерін, сіңірген еңбегі және Тәуелсіз елдің дамуына қосқан үлесі туралы  мәліметтерді қамтиды.

Кітап көрмесіне шақырамыз!

Сайтта

Қазір сайтта бір қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.