+7 (727) 267-28-83

fotob

Ораз Жандосов атындағы оқу залында қазақстандық жазушы, аудармашы, публицист Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің өмірі мен қызметіне арналған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Ораз Жандосов атындағы оқу залында Сапарғали Ысқақұлы Бегалин 1895 жылы 24 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы Дегелең ауылында дүниеге келген. 1915 жылы Семейдегі орыс-қырғыз училищесін бітірген.

1916-1917 жылдары Петроград түбіндегі тыл жұмыстарын атқарады. Үйге оралғаннан кейін ол кеңес үкіметінің белсенді насихатшысы болады. 1921 жылы Дегелең болыстық атқару комитетінің төрағасы және уездік атқару комитетінің  мүшесі, 1923 жылы Қарқаралы уезінің, Семей губерниялық сотының халық төрешісі болып сайланды. Кейін Түркісіб басқармасына жауапты жұмысқа шақырады. 1935-1956 жылдары «Теміржолшы» республикалық теміржолшылар газетінде, Тіл білімі және әдебиет институтында (қазіргі Әдебиет және өнер институты мен А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтында) Қазақстан ғылым Академиясында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет атқарды.

С.Бегалин шығармашылығының негізі оның балаларға арналған шығармалары, ол қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы. Алғашқы  «Қазақ  қыз-бозбалаларына» өлеңі 1914 жылы «Айқап» журналында жарияланды. 1943 жылы шыққан «Бүркіттің кек алуы» поэмасы оның алғашқы кітабы болды. Жазушының қаламына жиырма бес поэма, роман, он екі повесть, көптеген әңгімелер, тоғыз бір актілі пьеса енген: «Қанатты қазақ» (1947), «Цимлянское море» (1953), «Жасөспірім» (1960), «Мектептегі достар» (1961), «Жұмбақ бұлақ» (1963), «Ермек алмасы» (1955), «Сәтжан» (1947), «Асулар» (1971), «Уақыт кезеңдері» романы (1975) және т.б.

С.Бегалин халық ақындары И.Байзақов, Д.Әлімбаев, Ш.Қошқарбаев, Қ.Терібаев, Т.Кобдиков шығармаларын жарыққа шығаруға сүбелі үлес қосты, Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы монография жазды (1946). Жазушы шығармашылығында Шоқан Уәлиханов туралы әңгімелер ерекше орын алды (1976).  

Жазушының шығармалары әлем халықтарының көптеген тілдеріне аударылған. Ол көркем аудармаға көп күш жұмсап, А.С.Пушкиннің, Н.Лесковтың, М.Ю.Лермонтовтың және т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударған.

С.Бегалин танымал ақын, ән жазушы. Қазіргі  «Ақтамақ», «Белый голубь», «Бесік жыры» және т.б. қазақ әндерінің авторы.

Қазақ әдебиетіне қосқан шығармашылық үлесі үшін С.Бегалин екі рет «Құрмет белгісі», «Халықтар достығы» (1975) ордендерімен  және медальдармен марапатталған.

Алматы қаласындағы Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасына және көшелерге жазушының есімі беріліп, 1976-1983 жылдары  Алматы қаласында тұрған үйіне  мемориалдық тақта орнатылды.

Сапарғали Бегалин 1983 жылы 5 наурызда Алматы қаласында қайтыс болды.   

ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кітап көрмесінде Сапарғали Бегалиннің өмірі мен қызметі туралы материалдар, оның шығармалары, мақалалары мен мерзімді баспасөз беттеріндегі ол туралы естеліктер ұсынылды.

Кітап көрмесіне шақырамыз!