+7 (727) 267-28-83

bakit

12 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында «Қазақ» және «Шалқар» радиоларының Алматы студиясының жетекшісі, журналист, ақын Бақыт Жағыпарұлының «Айтыс қанатында» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашып, сөз кезегін модератор – «Ана тілі» газетінің Бас редакторы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Жанарбек Әшімжанға берді.

Тұсаукесер рәсімінде ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері, ақын Жүрсін Ерман, Алматы қалалық мәдениет басқарма басшысының орынбасары Данияр Әлиев, ф.ғ.д., профессор Темірхан Тебегенов, Қазақ телевизиясының ардагері, белгілі журналист Нұртілеу Иманғалиев, А.Байтұрсынұлы мұражайының директоры Райхан Сақыбекқызы, «Зейноллла Сәнік» қорының президенті Қанат Зейноллаұлы және тағы басқалар Бақыт Жағыпарұлының «Айтыс қанатында» атты кітабына тоқталып, шығармашылық табыс тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

Мерекелік кеште ақын Қазірет Бердіхан мен дәстүрлі әншілер Нұржан Жанпейіс және Еркін Шүкіманов әннен шашу шашып, мерейлі кештің көркін келтірді.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Бақыт Жағыпарұлының өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды.

Шараға зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.

Daniar   BK   Zhursin
NI   uty   BH