+7 (727) 267-28-83

katalog1

11 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының Каталогизатор мектебінде Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 150 кітапханашы мамандардың қатысуымен «Каталогизатор мектебі - On-line тәртібінде кітапхана мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру» атты онлайн-семинар өтті.

Ағымдағы жылдың 23 қазаны мен 11 қарашасы аралығында Ақпараттық ресурстар қызметі облыстық әмбебап ғылыми кітапханалардан, орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінен, аудандық және ауылдық кітапханалардан 830 кітапханашы мамандардың қатысуымен онлайн семинарлар өткізді.

Семинарларда құжаттарды каталогтау, библиографиялық сипаттамалар түзу, әлеуметтік желідегі электрондық ресурстардан ақпараттарды іріктеу, библиографиялық жазбаларды түзу, Әмбебап ондық жіктеу (ӘОЖ) бойынша құжаттарды индекстеу және жіктеу ережелері жайында сұрақтар талқыланды. Библиографиялық құралдар құрастыру бойынша мастер-класс өткізілді.

Онлайн-семинарлар WEB-RABIS отандық бағдарламасының модульдері бойынша жүргізілді.

Республика кітапханашылары Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының мамандарына көрсетілген ғылыми-әдістемелік көмек және онлайн-семинарларды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.

katalogizator11  

 

Сайтта

Қазір сайтта бір қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.