+7 (727) 267-28-83

onl

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастырумен 2020 жылдың 7 қараша күні сағат 11:00-де онлайн режімінде «Заманауи кітапхананың жаңа келбеті: оқу мәдениетін қалыптастырудың жаңа форматы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. 

Өз кезегінде шара барысында заманауи кітапханалардың, соның ішінде коворкинг орталықтардың қызметін жандандыру, оқырмандар тарту және оқу мәдениетін қалыптастыру, балалар әдебиетін дамыту және кітапханалардың ағартушалық рөлін арттыру мәселелері талқыланды.

Шара Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Сейітова Күміс Қарсақбайқызы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің музей және кітапханалар басқармасынын басшысы Пазылова Гүлзейнеп Анафияқызы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасының директоры Мұналбаева Үмітхан Дәуренбекқызының қатысуымен өтті.

Шара барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Искалиева Нурия Аманғалиқызы «Оқитын Қазақстан» бағдарласымен Мобильдік кітапханалық жүйе (библиобус) түжырымдамасымен және мектеп оқушыларына сабақтан тыс қосымша білім беру бойынша ұсыныстарымен таныстырды.