+7 (727) 267-28-83

kitap

5 қарашада Үндістанның Қазақстандағы Елшілігі Қазақстанның Тұңғыш Президентінің кіріспе сөзімен қазақ тілінде жарық көрген Махатма Гандидің "Өмірім менің" және хинди тіліне аударылған "Қара сөздер" кітаптарын ҚР Ұлттық кітапханасына сыйға тартты.

Барша үнді халқына "Ұлттың әкесі" деп танылған М.Гандидің "Өмірім менің" кітабын Үндістанның Қазақстандағы елшілігі жанындағы Свами Вивеканда атындағы мәдени орталық Махатма Гандидің 150 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында басып шығарды. Оның 150 жылдық мерейтойы бүкіл әлемде 2018 жылдың 2 қазанынан 2020 жылдың 2 қазанына дейін аталып өтті.

Абай Құнанбайұлының хинди тіліне аударылған "Қара сөздері". Бұл аударма ақынның 175 жылдығына арналып шығарылды.

kitap1   kitap2