+7 (727) 267-28-83

конф

21 қыркүйек - 30 қазан аралығында ҚР «Орталық мемлекеттік архив» РММ қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының  Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру  мектебінде  тағылымдамадан өтті.

«Орталық мемлекеттік архив» РММ мамандарымен құжаттық мұраны сақтаудың заманауи әдістері мен технологиялары игерілді. Тағылымдамадан өтушілер құжаттарды ғылыми консервациялау зертханасынан: кітап сақтау қоймасының температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығына мониторинг жүргізуден бастады, оларға қағаз құжаттарды сақтау режимдерін қадағалауды бақылаудың қажеттілігі мен маңыздылығы туралы айтылды: температуралық-ылғалдылық, жарық және санитариялық-гигиеналық; құжаттарды консервациялау бойынша теориялық білім берілді және биологиялық тұрақтандыру бойынша тәжірибелік әдістер көрсетілді: камерада зарарсыздандыру, парақтарды тазалау, биоцидпен өңдеу; физикалық - химиялық тұрақтандыру бойынша:  рН анықтау, қышқылдықты бейтараптандыру, әртүрлі ерітінділермен ластанудан тазарту, жабысқан парақтарды ажырату, ауыр металл иондарын тежеу және т. б.; құжаттардың сақталуы саласындағы жаңа технологиялар туралы айтылды: рН қалам- тестері, Буккиппер Спрейі және т. б.

Одан әрі мамандар қалпына келтіру, консервациялау және түптеу қызметінің қалпына келтіру-түптеу секторында тағылымдамадан өтті, онда кітаптарды қалпына келтіру және түптеу: желім дайындау, парақтарды әртүрлі әдістермен қалпына келтіру, мұқабасын  жөндеу және т.б. білім мен дағдыларды игерді. ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатының қалпына келтіру бөлімінің басшысы Д.Б. Ғабдуллин мамандарды мектепте оқыту қажеттілігін атап өтіп, болашақта өзара ынтымақтастыққа ниет білдірді.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.К. Оспанова тағылымдамадан өтушілерге құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру бойынша курстан өткені туралы сертификаттарды тапсырды.

1конф   2конф
3конф   4конф