+7 (727) 267-28-83

oraz

28 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының 110 жылдығына орай  Ораз Жандосов атындағы  оқу залының  салтанатты ашылу рәсімі  болды.

Биыл Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының құрылғанына 110 жыл. 1910 жылғы 31 желтоқсанда Верный қалалық думасының шешімімен кітапхана оқу залының ашылуы кітапхананың негізі қаланған күні болып есептеледі. 1931 жылы Қазақ Автономиялық Кеңеңестік Социалистік Республикасы (ҚАКСР) Орталық Атқару Комитеті Президиумының 1931 жылғы 12 наурыздағы «ҚАКСР Мемлекеттік көпшілік кітапханасын ашу» туралы Қаулысына сәйкес Кітапхана Қазақ ССР-нің Мемлекеттік көпшілік кітапханасы болып қайта құрылды. 1931 жылғы 5 мамырдан бастап Қазақ АССР Мемлекеттік көпшілік кітапханасының ресми ашылуы болды. Сол кезден бастап кітапхана қазақтардың және басқа да халықтардың жазба мұраларын жинақтайтын және сақтайтын мемлекеттік ұлттық кітап қоры ретінде жұмыс істеді.  

Кітапхананың тұңғыш директоры – Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ораз Жандосов (1931-1933). Ол өз заманының көрнекті қайраткері ғана емес, бәрінен бұрын кітапхананы ұйымдастырушылардың бірі. 1931 жылы О. Жандосов былай деп жазды: «МКП-нің бірінші кезектегі міндеті – кітапхананың қорына білімнің барлық салаларындағы Қазақстан туралы және қазақ тіліндегі барлық баспа материалдарды» жинақтау.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы – Қазақстандағы ең ірі ғылыми-әдістемелік кітапхана орталығы. ҚР Ұлттық кітапханасы «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залына Қазақстанның көрнекті мемлекет қайраткері Ораз Жандосовтың есімі берілді.

Іс-шараны «Қазақ» және «Шалқар» радиолары Алматы студиясының жетекшісі Бақыт Жағыпарұлы жүргізді. Салтанатты іс-шараны Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөзбен ашты. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірінің кеңесшісі Жұрынбаев Ерлан Сыдықұлы, Алматы қаласы Мәдениет басқармасы бастығының көмекшісі Әлиев Данияр Абзалиденұлы, Ораз Жандосовтың немересі, қоғам қайраткері, Қазақстанның табиғатты қорғау экологиялық қозғалысының белсенді мүшесі Жандосова Ажар Санжарқызы өз сөздерінде Ораз Жандосов туралы естеліктерімен бөлісіп, кітапхана ұжымына ыстық лебіздері мен ризашылықтарын  білдірді.

Іс-шара аясында оқу залында «Ораз Жандосов – Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының тұңғыш директоры» ақпаратты стенд және Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан «Мәдениетті өркендеткен Ораз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараға: Нұрсұлтан қ. ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры, профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ұ.Д.Мұңалбаева, Ораз Жандосовтың немерелері, сондай-ақ облыстық кітапханалардың директорлары қатысты.

oraz1   oraz2
oraz3   oraz4