+7 (727) 267-28-83

muzei

28 қазанда Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының 110 жылдығына орай ұйымдастырылған Қазақстандық Кітапханалық одақтың кезекті жұмыс отырысы өтті. Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасы тарихы мұражайының ашылу салтанаты өтті.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы, Қорды қабылдап алу, бақылау және толықтыру қызметінің жетекшісі Изамбекова Қаншайым Мұсақызы, Анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету қызметінің жетекшісі Рахимова Анар Кәріпбайқызы, Ғимаратқа қызмет көрсету қызметінің жетекшісі Мейрашева Нұркамал Анашбайқызы лента қиып, Сирек кітаптар мен қолжазбалар қызметінің топ жетекшісі Ф.Қ.Бектұрбекова Ұлттық кітапхана тарихынан сыр шертетін мұражай жәдігерлерімен, түрлі жылдардағы кітапхана директорларының өмірбаяндарымен таныстырды.

muzei2   muzei3
muzei1   muzei4