28 қазанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының 110 жылдығы аясында Қазақстандық Кітапханалық одағының кезекті жұмыс отырысы өтті.
Жиынға республикалық, облыстық кітапхана басшылары қатысты.
Шараның модераторы – «Қазақ» және «Шалқар» радиоларының Алматы студиясының жетекшісі, журналист, ақын Бақыт Жағыпар.
Шара барысында Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысының кеңесшісі Әлиев Данияр Абзалиденұлы, Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Мұңалбаева Үмітхан Дәуренбекқызы, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағасы Иманқұлова Светлана Кеңесқызы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының 110 жылдығымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақ төрайымы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының тарихы туралы баяндама жасады.
Сондай-ақ, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ. Оспанова, директордың әкімшілік-шаруашылық жұмыстар жөніндегі орынбасары Б.Ж. Айсин, Қаржы – экономикалық бөлімінің жетекшісі Д.Б. Казкенова, Ұйымдастыру-аналитикалық жұмыстар қызметінің жетекшісі А.Н. Нұрсейітова, Қорды қабылдап алу, бақылау және толықтыру қызметінің жетекшісі Қ.М. Изамбекова Салалық Кәсіподақ ұйымының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды.