+7 (727) 267-28-83

turk

26-28 аралығында А.С. Пушкин атындағы Түркістан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ақпараттық-библиография бөлімінің басшысы А. Муртазаева, әдебиеттерді сатып алу және тарату секторының басшысы А. Бердекова, каталогтарды ұйымдастыру секторының басшысы Ш. Жумашова Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы жанындағы Каталогизатор мектебінде оқудан өтті.

Үш күндік іс-тәжірибелік оқуда тындаушылар Ақпараттық ресурстар қызметі мен Қорды қабылдау, бақылау және жинау қызметінің жұмысымен танысты. Тәжірибелік сабақтар Web-RABIS бағдарламасының 5 модулі бойынша өтті. Сондай-ақ библиографиялық жазбаларды құрастыру ережелерін реттейтін халықаралық және ұлттық құжаттар бойынша сабақтар өткізілді.

Тындаушыларға «Web-RABIS бағдарламасы: кітапханалық автоматтандырылған қызмет көрсету» атты үш күндік практикалық курсты аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.

turkis   turkistan

 

Сайтта

Қазір сайтта 317 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.