+7 (727) 267-28-83

kasteevФилософия ғылымдарының докторы, ҚР Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайының директоры Г.К. Шалабаева өнер мұражайының қорынан Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорын жоғары деңгейлі туындыларымен толықтыруға үнемі қолдау көрсетіп отырады. 14 қазанда өнер мұражайы Қазақстанның заманауи бейнелеу өнері аясында жарық көрген құнды 57 дана альбомдар топтамасын сыйға тартты.

 

Таланты суретшілердің өнер туындылары еліміздің көркемдік мәдениетінің дамуы мен насихатталуына, сондай-ақ суретшілер туындыларымен кеңінен танысып білуге мүмкіндік береді.⠀

ҚР Ұлттық кітапханасы Гүлмира Кенжеболатқызына бірегей өнерге байланысты альбомдар топтамасын сыйға тартқаны үшін шынайы алғысын білдіреді.

Сыйға берілген әсем және әсерлі көркемделген Қазақстан бейнелеу өнерінің көрнекті туындылары кітапхана қорында лайықты орын алып, өз оқырманын табатынына сенімдіміз.

kasteev1   kasteev3   kasteev2