+7 (727) 267-28-83

Tazhibaev

Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мамандары ҚР Ұлттық кітапхана базасында ұйымдастырылған іс-тәжірибелік оқудан  өтті.

5-9 қазан аралығында Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мамандары – К.Ж.Досмағанбетова, А.А.Махамбетова, Б.М.Жусупова, К.М.Юсупова, А.А.Қимбекова, Г.Д.Косназарова және С.А.Баекеевалар ҚР Ұлттық кітапхана базасында ұйымдастырылған іс-тәжірибелік оқудан  өтті.

Іс-тәжірибелік оқудан  өтушілер Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында WEB - RABIS кітапханалық-ақпараттық автоматтандырылған бағдарламасының модульдері және Кітап қорын толықтыру жұмысының жаңа бағыттары мен жолдары, анықтамалық-іздеу аппаратын ғылыми және техникалық редакциялау, библиографиялық жазбаларды қалыптастыру ережелері, аналитикалық-библиографиялық сипаттамалау қалыптастыру, жазба құжаттарды консервациялау және калпына келтіру, Ұлттық басылымдарды каталогтаудың ерекшеліктері тақырыптары бойынша іс-тәжірибелік оқуға қатысып, машықтанды.        

Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханаларды дамыту бөлімінің басшысы Ғ.Ж.Досмағанбетова кітапхана қызметкерлері үшін осындай тағылымдамалардың пайдалы екенін атап өтті.

ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.К.Оспанова кітапхана базасында ұйымдастырылған іс-тәжірибеден өткендігі туралы сертификаттарды табыстады.

Tazhibaev1   Tazhibaev2