+7 (727) 267-28-83

korea

8 қазан, сағат 11.00-де Әлем әдебиеті залында «Кореямен танысу» - «Window on Korea» Кітап бұрышының ашылуы өтті. Іс-шара ҚР Ұлттық кітапханасы мен Алматы қаласындағы Корей Бас консулдігімен бірлесіп ұйымдастырылды.          

 

 

Ұлы Дала мен Корей түбегі арасындағы байланыс ежелгі дәуірден басталады, екі жақты қарым-қатынастың тарихы тым тереңде жатыр. Бүгінде дербес мемлекетке айналған Қазақстан және Корей Республикасы арасында берік дипломатиялық қарым-қатынас орнаған, жан-жақты ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Қазақстан мен Корея арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыс жаңа деңгейге көтерілді. Бұл жаңа идеялар мен жобалар бірлескен мәдени шараларды бірлесіп өткізуге ынталандырады.

ҚР Ұлттық кітапханасында 2004 жылдан бастап Ресей, Қытай, Пәкістан, Түркия, Үндістан, Иран кітап бұрыштары табысты жұмыс істеп, дамып келеді. ҚР Ұлттық кітапханасындағы шет елдердің бұрыштары халықтар арасындағы ақпараттық, мәдени және ғылыми байланыстарды нығайтуға ықпал етуде.

«Кореямен танысу» - «Window on Korea» жобасы Корея Ұлттық кітапханасының бастамасымен 2007 жылдан бастап шет елдердің кітапханаларында жүзеге асырылуда. Бүгінде осындай орталық бізде, Қазақстанда, Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ашылып отыр.

Оңтүстік Кореяның ұлттық мерекелеріне орайластырылып "Кореямен танысу" орталығының ашылу салтанаты бүгінгі күнге орайластырылды. Кореядағы басты мерекелердің бірі – 3 қазан, осы  мемлекеттің құрылған күні болып есептелді. Корея  Республикасында "Хангыль" корей жазуының мерекесі 9 қазанда атап өтіледі.  Алматы қаласындағы Корея Ұлттық кітапханасының қаржылай және Бас консулдықтың серіктестік көмегімен жаңа жиһаздармен, техникамен және әдебиеттермен жабдықталған оқу залы ұйымдастырылды. ҚР Ұлттық кітапханасы оқырмандарға әдебиет арқылы Корей мәдениетімен, дәстүрлерімен, жетістіктерімен және ел экономикасымен танысуға мүмкіндік бере отырып,  ақпараттық шекарасын кеңейтеді. Келушілер үшін ашық қолжетімділікте Корея туралы ақпаратқа, кітапхананың электрондық каталогына, деректер базасына және электрондық кітап  топтамаларына қолжетімділігі бар заманауи ақпараттық терминал орнатылған.

Іс-шарада ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бакытжамал Қайырбекқызы, Алматы қаласындағы Сыртқы істер министрлігі өкілдігінің жетекшісі Ерлан Ұзанұлы Исқақов, Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас консулы Ким Хынг Су, Алматы қаласының Мәдениет басқармасы Тарихи-мәдени мұра бөлімінің жетекшісі Джулаев Ахат Қайратұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының Академигі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының профессоры, доктор, ҚР ғылым және техника саласының еңбек сіңірген  қайраткері Пак Иван Тимофеевич, Алматы Корей ұлттық орталығы төрағасының орынбасары Кан Георгий Васильевич.        

Іс-шара барысында Корея Ұлттық кітапханасының бас директоры Со Херан ханымның бейне құттықтауы көрсетілді.         

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен Алматы қаласындағы Корея Республикасының Бас Консулдығы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Іс-шара аясында Алматы симфониялық квартетінің сүйемелдеуімен Корея Ұлттық кітапханасының қызметі туралы бейнематериалдар мен теледидар экрандарында, ақпараттық терминалда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорындағы корей әдебиетінің топтамасынан слайд көрсетілімдері, «Арнау» термесімен қазақтың дәстүрлі шашу рәсімі болды.

Шақырылған қонақтар арасында Қазақстандағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, халықаралық компаниялар, мемлекеттік ұйымдар, Алматы қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, этномәдени орталықтар, белгілі жазушылар мен қоғам қайраткерлері, БАҚ және т.б. бар.

DSC 0622   120928181 3272258616204906 5448768091981048719 n
DSC 0569   DSC 0664 TП